Басты Жаңалықтар Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады

Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады

Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны әлеуметтік желіде балағаттағаны үшін айыппұл арқалады. Полиция Тік-Ток желісінің тікелей эфирінде отырып былапыт сөз айтқан 31 жастағы Бақытжан Изатулланы анықтап, оны әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапқа тартты. Сот шешімімен ұсақ бұзақылық үшін айппұл салынды. Жалпы құқық қорғау органдары әлеуметтік платформаларға ұдайы мониторинг жүргізілетінін ескертіп, азаматтарды желіде заң талаптарын сақтауын сұрайды.   

Бөлісу