Басты Жаңалықтар Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады

Елімізде ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылмақ. Алдағы уақытта рухани ордалардың электрондық каталогтары бір жүйеге біріктіріледі. Алғашқы кезеңде платформаға 20 кітапхананы қосу жоспарланып отыр. Бастама сәтті жүзеге асса, жүйе еліміздегі 3900 зияткерлік орталықты қамтиды. Кітап оқитын ұлт жобасы аясында қолға алынған жұмыстың басты тиімділігі - оқырманның орналасқан жеріне қарамастан, ортақ цифрлық қорды пайдалануына мүмкіндік беру. Қазір цифрлық қорда кітаптар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар мен мақалаларды қоса алғанда, жалпы 85 мыңға жуық материал бар.

Нұржан Жолдыбалинов, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпаратты ресурстар жөніндегі орынбасары:

Еліміздегі бар материалдар, тек қана кітаптар емес, мақалалар, журналдар, газеттер бар. Соның бәрін бибиографиялық жазбасын бір базаға енгізу. Сонда оқырман еліміздің қай нүктесінде болса да, бір жерден ғана бүкіл еліміздегі бар материалдарды бір жерден ғана іздеп таба алады.

Бөлісу