Ақтөбеде көпір салу үшін 700 түп ағаш кесілмек
Ақтөбеде бір көпір салу үшін 700 түп ағаш кесілмек. Сондықтан жергілікті табиғат жанашырлары облыс орталығы мен екі елді-мекенді қосатын көпір құрылысына қарсылық танытты. Өйткені бұл жерде «қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін ағаштар бар екен. Ал, жобалау кезінде ол ескерілмеген. Алайда жергілікті билік Ақжар, Кірпішті ауылдарын Қарғалы өзені арқылы қаламен жалғайтын ескі көпірді кеңейтілетінін айтып отыр. Жауапты мамандар табиғатқа барынша зиян келтірмеуге тырысамыз деп уәде етті.
Рүстем Төреғалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:Жобалаушы мекемемен жүргізілген түгендеу жұмыстарына сәйкес, сол 700 ағаштың 500-і кесілуге жатады,150-і қайта отырғызылады. Бірақ, Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесі егер кесілуге жататын ағаштар ішінен қайта отырғызуға жататынын анықтаса, онда оның саны қысқаруы мүмкін.
Әзірге көпір құрылысының қашан басталатыны белгісіз. Жобалау жұмыстары енді жасалып жатыр. Алдымен табиғи ресурстар басқармасы мен орман шаруашылығы мекемесі тал-теректерді түгендеп, есепке алуы тиіс.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06