Елбасы Қазақ Радиосының 100 жылдығымен құттықтады
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын бүгінгі салтанатты жиында Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жеткізді.
Қазақ радиосы ұжымын құттықтау хатында Елбасы халқымыздың талайлы тарихы мен шежіресі эфирде қамтылып, аумалы-төкпелі кезеңдерде ел өміріндегі маңызды оқиғалар жұртшылыққа жедел жеткізілгенін ерекше атап өтті.
«Бір ғасыр ішінде осы қарашаңырақта еңбек еткен майталман журналистер мен көрнекті қайраткерлер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, өшпес із қалдырды. Әуе толқынында көптеген бағдарламалар төл мәдениетімізді насихаттауға, ана тілімізді дәріптеуге, ұлт санасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып, қазақ руханиятының алтын қорын қалыптастырды. Қазіргі таңда Қазақ радиосы еліміздегі заман талабына сай дамыған іргелі ақпарат құралының бірі де бірегейі. Радио алдағы уақытта да жақсылықтың жаршысы болып, талғамы биік тыңдарман қауымды танымдық хабарлармен, тағылымды бағдарламалармен қуанта береді деп сенемін» делінген құттықтауда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
03.08.2026, 10:10
«Болашақ ойындары»: Бүгін фиджитал-баскетбол бойынша финалдық матч өтеді
03.08.2026, 10:09
Жарық пен су жиі өшеді: Қырымдағы жағдай
03.08.2026, 10:08
Ақтауда жағадан 25 шақырымға ұзап кеткен жастар құтқарылды
03.08.2026, 10:08
Елордада 17 мыңнан астам қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алды
03.08.2026, 10:07
Шымкентте дауыс берушілер саны 14 632 адамға артты
03.08.2026, 10:06
Алматыда балалардың құқығын қорғайтын басқарма құрылды
03.08.2026, 10:05
Трамп бүгін Иранмен шұғыл келіссөз басталатынын мәлімдеді
03.08.2026, 10:05