Трамп бүгін Иранмен шұғыл келіссөз басталатынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен арадағы жаңа келіссөз дүйсенбіде басталады деп мәлімдеді. Мұның алдында Ақ үй басшысы Иранға соққы беруді тоқтатты. Трамп АҚШ-тың Таяу Шығыстағы серіктестері сұрағаннан кейін шабуылды доғарғанын мәлімдеді. Бұған қоса АҚШ президенті Ормұз бұғазы бойынша келісім жасалғанын, енді ядролық бағдарлама бойынша уағдаластыққа қол жеткізілетінін айтты. Ал Иран жағы әзірге келіссөзге қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Трамптың келіссөз туралы сөзінен кейін мұнай бағасы төмендеді. Оның Brent сұрыбы 4,5%-ға түсіп, 83,98 долларға дейін арзандаған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті
12.10.2026, 13:46
Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
12.10.2026, 13:20
Жетісу облысында тағы 6 ветеринариялық пункт салынып жатыр
12.10.2026, 13:15
Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған
12.10.2026, 13:13
Хуситтер Әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы берді
12.10.2026, 13:10
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 13:07
Қызметтердің 92%-ы электронды форматқа көшірілді
12.10.2026, 13:05
Киберқылмыс 40 пайызға азайды
12.10.2026, 13:03