Басты Жаңалықтар Шымкентте дауыс берушілер саны 14 632 адамға артты

Шымкентте дауыс берушілер саны 14 632 адамға артты

Сайлау қарсаңында халықаралық байқаушылар елімізге келіп, науқанға дайындық барысымен танысуды бастады. Алдағы саяси науқанда 710 мыңға жуық шымкенттік өз таңдауын жасайды. Бұл – қала халқының 54,2 пайызы. Өткен сайлаумен салыстырғанда дауыс берушілер саны 14 632 адамға артқан. Партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына 57 орын белгіленіп, сайлаушылармен кездесу өткізуге 10 алаң әзірленді. Ал сайлау комиссияларының құрамына саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері енген.

Қайырбек Құнанбаев, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

Барлық жағдай жасалған. Әр сайлау учаскесінің алдында мүгедектігі бар азаматтарға пандустар, тактильді жолақтар, сонымен бірге бұрыштар бар. Бұл жерде Брайль қарпіндегі трафареттер бар. Арнайы кабинаға барып, дауыс беруге болады.

Бөлісу