Жарық пен су жиі өшеді: Қырымдағы жағдай
Украина шабуылдарынан кейін Қырымның бірқатар ауданында электр жарығы мен су бірнеше тәулікке, кей жерлерде бірнеше аптаға дейін үзілген. Ресейдің РТР арнасының мәліметінше, қазір зақымданған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар негізгі энергетикалық инфрақұрылым нысандарының қорғанысы күшейтілген.
Қырым түбегінің оңтүстік жағалауы осымен екінші апта қатарынан жарықсыз отыр. Салдарынан тұрғындар тамақты далада отқа пісіріп, суды үнемдеп пайдалануға мәжбүр. Масандра тұрғындарының айтуынша, ұялы байланыс та нашарлаған.
Ал Ялтада әуеден төнген шабуылдан үркіген жергілікті халық үйлердің жертөлесінде бас сауғалап күн кешіп жатыр.
Ал перенаталдық орталық генераторлардың көмегімен жұмысын жалғастыруда.
Ал жазғы демалыстарын лагерьлерді өткізуі керек болған балалар да үйлерінде, ата-анасының жанында қалуға мәжбүр. Айта кету керек, өткен апта Омбыда өткен өңірпөңіраралық ынтымақтастық жөніндегі XXII форум аясында Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізген еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Өзіңізге мәлім, мен әуел бастан мұның мемлекетаралық қақтығыс екенін айтқанмын. Бұл қандай да бір азаматтық соғыс емес. Біз украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне әрдайым құрметпен қараймыз. Аталған қақтығыстың көпшілік үшін, соның ішінде біз үшін түсініксіз тұстары көп. Білуімше, сіз Аляскадағы Анкориджде өткен кездесуде дипломатиялық тұрғыдан барынша икемділік таныттыңыз. Осы орайда өз пікірімді білдіргім келеді. Өйткені маған да өтініштер айтылады. Меніңше, қақтығысты уақытша тоқтатып, 2.0. Ыстамбұл формуласына оралған дұрыс. Себебі аталған келіссөз барысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілген еді.
Қазір Қырымда жағдай тұрсақсыз. Тұрғындардың сөзінше, соңғы айда дрон шабуылдары күн сайын дерлік қайталанып, қауіпсіздік жағдайы айтарлықтай күрделене түскен.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
03.08.2026, 10:10
«Болашақ ойындары»: Бүгін фиджитал-баскетбол бойынша финалдық матч өтеді
03.08.2026, 10:09
Ақтауда жағадан 25 шақырымға ұзап кеткен жастар құтқарылды
03.08.2026, 10:08
Елордада 17 мыңнан астам қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алды
03.08.2026, 10:07
Шымкентте дауыс берушілер саны 14 632 адамға артты
03.08.2026, 10:06
Алматыда балалардың құқығын қорғайтын басқарма құрылды
03.08.2026, 10:05
Трамп бүгін Иранмен шұғыл келіссөз басталатынын мәлімдеді
03.08.2026, 10:05
Вашингтонда өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды
03.08.2026, 10:05