Ақтөбе облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті
Кеше ғана КВИ-дің таралу қарқыны бойынша жасыл аймақта тұрған Ақтөбе облысы қайтадан «сары аймаққа» өтті. Ал, күн суытқалы ауруханаларға салқын тиіп ауырған балалар көптеп түсе бастаған. Қала тұрғындарының бірі палаталарда орын болмағандықтан екі күн бойы 3 жасар қызымен емдеу мекемесінің дәлізіне түнегенін айтып шағымданды. Қазір бізбен осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал байланысқа шыққалы тұр,
Жақсыбек Кемал, тілші:Қазір баланың жағдайы қалыпты. Палатаға ауыстырылған. Дегенмен, ол алғашында дәлізде,орындық үстіне ұйықтауға мәжбүр болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныңөкілдері бұл жағдайды балалар арасында маусымдық аурудың өршуімен түсіндірді .Яғни, облыстық балалар ауруханасы 48 орынға ғана шақталған, басқалары амалсыз дәлізге орналастырылған. Қазір жағдай реттеліп жатыр.Ақтөбе облысы КВИ-дің таралуы бойынша екі күн бұрын ғана «жасыл» аймаққа оралған еді. Дегенмен, жағдай қайта нашарлап, бүгін қайтадан «сары» аймаққа өтті. Өткен тәулікте 99 адамнан вирус анықталған.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06