Ақтөбеде карантиндік шектеулер жеңілдеді
Ақтөбеде карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді. Жаңа қаулыға сәйкес қызмет көрсету орындарына еркін кіріп-шығуға болады. Аймақтағы эпидахуал туралы тікелей эфирде меншікті тілшіміз баяндауға дайын, Жақсыбек, кәсіпкерлік нысандар еш кедергісіз жұмыс істей ала ма?!
Жақсыбек Кемал, тілші:
Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сұлулық салондары, монша мен спорт кешендеріне толық жұмыс істеуге рұқсат берілді. Мұражайлар мен кітапханалар және Халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта бөлімшелері де ашық. Қоғамдық көліктерге жолушыларды орын санына сай тасымалдауға рұқсат. Дегенмен медицина мекемелеріне алдын ала жазылу арқылы ғана баруға болады. Сондай-ақ мейрамханалар мен дәмханаларға әлі де болса той өткізуге тыйым салынған. Ондай отбасылық шараларды банкет залдарына 50 адамнан асырмай өткізуге мүмкіндік бар. Соңғы тәулікте облыс бойынша 25 адам КВИ жұқтырған. Ал екпе алған тұрғындар саны 331 мыңға жуықтады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08