Қостанай облысында ішімдік ішкен мектеп директоры оқушыны қағып кетті
Қостанай облысында ішімдік ішіп көлік жүргізген мектеп директоры оқушыны қағып кетті. Оқиға Жанкелдин ауданының орталығы Торғай кентінде болған. «Volkswagen Polo» көлігін тізгіндеген мектеп басшысы 14 жастағы жастағы қыз баланы соққан. Дереу аудандық ауруханаға жеткізілген жасөспірімнің қатты қорқып қалғаны болмаса, денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ. Дәрігерлер қараған соң ол үйіне жіберілді. Медициналық тексеру көлік жүргізушісінің алькогольді ішімдік ішкенін анықтады. Енді ол әкімшілік жауапқа тартылып, басшылық қызметінен босатылуы мүмкін.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05