Президент Қостанайда 4 баланы өрттен құтқарған жеткіншекке алғыс білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 баланы өрттен құтқарған қостанайлық жеткіншекке алғыс білдірді. «Осындай жас бола тұра, сен нағыз батылдық пен ерліктің үлгісін көрсеттің, ойланбастан көмекке келдің, үлкен қайғы-қасіретке жол бермедің», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Олег Пирог Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Ал оның анасы Валентина Пирогқа Алғыс хат табысталды.
Жеткіншектің ерлігін жергілікті машина жасау зауытының ұжымы да жоғары бағалады. Кәсіпорын Олегтің анасына отандық Chevrolet Nexia автомобилін сыйға тартты.
Олег Пирог, оқушы:
Біздің үйде үш машина тұр. Бірақ бәрі ескі, жүрмейтін көліктер. Кейде әкем екеуміз олардың қосалқы бөлшектерін алып, кәдеге жаратамыз. Жаңа көлік сатып алу - отбасымыздың арманы болатын. Сондықтан бұл сыйлық біз үшін аса бағалы.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05
Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026, 20:03
«Ұмай» ипотекасы: 20 млрд теңгеге 850 сертификат берілді
03.11.2026, 20:00
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25