Ұлттық өнердің өрісі кең
Моңғолиядан көшіп келген Сейілбек Асхан қазір Семейге қарасты Мұқыр ауылында тұрады. Тарихи Отанынан жырақта өскен шебер қазақтың қөлөнерін жетік меңгерген. Құрақ құрау, киіз басу, кілем тоқудың бүге-шігесіне дейін білетін қолөнерші енді оның барлығын жастарға үйретіп жатыр.
Сейілбек Асхан, шебер:
Көрген адамдар қатты таңырқайды. Барлығы үйренгісі келеді. Шәкірттер көп. Мектепте балаларға тегін үйретемін.
Қазір ұмыт болып бара жатқан өнердің ең күрделі түрі - кестелеуді шебер шәкірттеріне үйретуде. Оқушылардан бөлек, біз ұстап, кесте өруге қызығушылық танытатындар көп. Тіпті, қала мектептеріндегі технология пәнінің мұғалімдері де арнайы келіп, шеберден сабақ алып тұрады.
Ақнұр Қанғожа, 11 сынып оқушысы:
Қазақ - оюды жақсы көретін халық. Сол себепті жас қыздар, көптеген адамдар осы Сейілбек апайдан үйренеміз. Жалпы, бұл өнерді меңгеруіміз қажет.
Оралхан Байзулинова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Бүгінгі таңда балалар көп нәрсе үйренді. Асхан Сейілбекпен күнделікті кездесіп тұрады.
Шебер - түрлі беделді көрмелердің жеңімпазы. Оның қазақтың иісі аңқып тұратын, ұлттық нақыштағы туындыларын жәдігер етіп қою үшін сұрататын мұражайлар да көп.
Әсіресе, Наурыз мейрамы қарсаңында қолөнершіні іздейтіндер көбейеді. Ал, Асхан Сейлхан ұлттық оюмен безендірілген мұндай дүниелер тек мұражай мен көрмелерде емес, әр қазақ отбасының төрінен күнделікті табылса, деп армандайды.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50