Семейде «Қазақстан наны» атты фестиваль өтті
Семейде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясының қарсаңында «Қазақстан наны» атты фестиваль өтті. Оған қаладағы ұлттық мәдени орталықтар қатысып, түрлі нан тағамдарынан көрме ұйымдастырды.
Басты мақсат- елімізде тұратын ұлттардың татулығын нығайтып, салт-дәстүрін дәріптеп, бірлік пен ынтымақты насихаттау. Шараға қатысқан әрбір мәдени орталық келушілерге ас атасының алуан түрінен дәм татқызды. Тағамды дайындау мен оны ұсынудағы ұлттық ерекшелігін көрсетті. Шара ән мен биге ұласып, концертпен жалғасын тапты.
Шолпан Балғозина, Семей қалалық Достық үйінің директоры:
Кезінде басқа ұлттың өкілдері Қазақстанға келгенде, қазақтар ауыздарынан жырып, бір тілім нанды бөліскені әрқашанда олардың естерінде қалған. Сондықтан біз бұл мерекемізді «Қазақстан наны» деп өткізіп отырмыз.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03