Қаңтардағы бүлік кезінде тоналған қару-жарақ дүкендеріне 6,5 млрд теңге шығын келген
Қаңтардағы бүлік кезінде тоналған қару-жарақ дүкендеріне 6,5 млрд теңге шығын келген. Бұл туралы «Қорамсақ» Қазақстан қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов айтты.
Тоналған қару-жарақ дүкендерінің жетеуі Алматыда болса, біреуі Талдықорған қаласында. Зардап шеккен нысандардың жұмысы қазір қайта жандана бастады. Қауымдастық өкілі мегаполистегі мұндай дүкендердің саны көп екенін айтады. Бұзақылар олардың бәріне бірдей шабуыл жасамаған. Ал, тонауға қатысқандар бұл әрекеттеріне тыңғылықты дайындалған дейді. Дүкендерге кіріп, негізгі қарулар орналасқан қоймаға кіре алмапты. Қазір шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр. Өтемақы мәселесінің механизмі де пысықталуда.
Сергей Катнов, «Қорамсақ» Қазақстан қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті:
Біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп зардап шеккен бизнеске көмек көрсету тетіктерін талқылап жатырмыз. Дүкен иелеріне қазір мемлекеттің қолдауы ауадай қажет. Әріптестерімнің көбі 30 жыл бойы осы бизнеспен өмір сүріп келді. Сондықтан біз қолдау тетіктері туралы ұсыныстарымызды әзірледік. Сол арқылы ғана саланы тығырықтан шығаруға мүмкіндік бар.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00