Алматыда жол-көлік оқиғасынан 10 адам зардап шекті
Алматыда көктайғақтан жол-көлік оқиғалары күрт көбейді. 10 адам түрлі жарақат алған. Полиция департаменті тұрғындарды жолда сақ болуға шақырып отыр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бүгін таңғы алтыдан Алматыда 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция департаментінің мәліметінше, Әл-Фараби даңғылының Жароков және Сейфуллин көшелерімен қиылысқан тұсында 10 шақты темір тұлпар соқтығысқан. 10 адам түрлі жарақат алды. Дәрігерлер қазір олардың жағдайы қалыпты дейді. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Кешелі бері еріп жауған қардың кесірінен түнде көктайғақ болып, көлік қозғалысына қиындық тудырды. Оған қоса қалың тұман түсіп, айналаны көру мүмкіндігі де шектелді. Тәртіп сақшылары ауа райының құбылуына байланысты жүргізушілерге арақашықтықты сақтап, жолда абай болуға шақырып отыр. Казгидрометтің хабарлауынша, осы аптада күн құбылмалы, ауа райы тұрақсыз болады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03