Сарапшы: Қорғастағы жағдайды реттейтін кез келді
Қорғастағы жағдайды реттейтін кез келді. Осылай деген алматылық сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап отыр. Қытай мен Қазақстан арасында 20 жыл бұрын құрылған орталықта экспорттаушыларды бірнеше жекеменшік компания тексеріп келген. Олар әр тасымалдаушыдан қомақты қаражат алып отырған. Салдарынан миллиардтаған қаржы мемлекет қазынасына емес, жеке адамдардың қалтасына кеткен. Енді мемлекеттік органдар тексерісті күшейтеді және бұл талап тек уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты болмақ.
Әділ Кәукенов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қорғастағы жағдайды реттеуге қатысты бастамасын қолдауымыз керек. Шекарадағы жекеменшік компаниялар қайдан шықты? Президентіміз қордаланған проблеманың шешу жолын ұсынып отыр. Біздің еліміз қазір өтпелі кезеңде тұр. Қытай мен Қазақстан арасындағы алыс-беріс ішкі бағаға тікелей әсер етеді. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін ең алдымен бармақ басты, көз қыстылықтан арылу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сыртқы саудадағы серпіліс
21.10.2026, 20:03
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13