Басты Жаңалықтар Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Республика күні қарсаңында Атырау облысы Құлсары қаласында жаңа теміржол вокзалы ашылды. Құны 500 миллион теңгеден асатын нысан толықтай жеке инвестиция есебінен салынған. Жаңа ғимараттың аумағы 846 шаршы метр. Мұнда жолаушыларға арналған күту залы, билет кассалары, медициналық пункт, ана мен бала бөлмесі және жүк сақтау орны қарастырылған. Қозғалысы шектеулі азаматтарға да қолайлы жағдай жасалған. Құлсары станциясы арқылы тәулігіне 10 жолаушылар пойызы қатынап, вокзал қызметін 300-ден астам адам пайдаланады. Жаңа нысан қала әкімдігінің теңгеріміне еш өтеусіз берілді.

Алмас Абайдельдинов, мердігер компанияның бас директоры:

Ескі ғимарат 1970 жылы салынған болатын. Енді заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Аумағы кішкентай. Жаңадан салынған ғимарат төрт есе үлкен мүгедек адамдарға, ана мен балаға барлық қажеттіліктер қарастырылған.

Бөлісу