Басты Жаңалықтар «Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады

«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады

Астанада 460 оқушы мен 20 мұғалім «Атамекен» әнін бірге орындап, патриоттық челлендж ұйымдастырды. Олар туған жерге деген сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізіп, елге деген құрметін көрсетті. Республика күніне орай ұйымдастырылған шара көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Осылайша, мұндай ерекше бастама жас ұрпақтың бойында туған жерге деген мақтаныш сезімін нығайтып, Отанды қадірлеудің маңызын тағы бір мәрте айшықтай түсті.

Бөлісу