Сыртқы саудадағы серпіліс
Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі жалпы сыртқы сауда айналымының 51 пайыздан астамын қамтамасыз ететін басты экономикалық локомотив. Биыл көршілес мемлекеттермен арадағы сауда-саттық көлемі 6,9 миллиард долларға жетті. Оның басым бөлігі отандық экспорттың үлесінде. Яғни, Қазақстанда сырттан тауар алғаннан гөрі, сатып отырғаны көп. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, серіктестердің арасында Өзбекстан алдыңғы орында. Екі ел арасындағы тауар айналымы 3,8 миллиард долларға жуықтады. Ал Қырғызстанмен сауда көлемі 1,75 миллиард долларды құрады. Қазақстанның өңірге экспорты 5,3 миллиард долларға жетіп, 28,5 пайызға өсті. Экспорттың негізгі бөлігін бидай, күнбағыс майы, ет өнімдері және металлургия тауарлары құрайды. Ал Орталық Азия елдерінен Қазақстанға мұнай өнімдері, металл шикізаты және өзге де өнеркәсіптік тауарлар жеткізіледі.
Тойгүл Жұбанисова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ресми өкілі:
Орталық Азия үшін Қазақстан тек басқа елдермен көршілес тұрған ел емес. Бұл – біріншіден, өте үлкен нарық. Екіншіден, бұл – өте үлкен транзит. Үшіншіден, бізге алпауыт елдерге өтуге мүмкіндік беретін, ортада тұрған ең үлкен көлік-логистикалық көпір деп айтуға болатын шығар. Жалпы, осы 2026 жылдың соңғы сегіз айының қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерімен Қазақстанның сауда байланысы 26%-ға дейін артқан. Қазіргі көрсеткіш бойынша сыртқы сауда айналымы 6,9 миллиард АҚШ долларына тең болып отыр. Және осының 80%-ы Қазақстанның экспорты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы