2025 жылға дейін туризм саласында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады
Елімізде 2025 жылға дейін туризм саласында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында айтылды. Отырыста отандық туризмді дамытудағы перспективалар мен проблемалар талқыланды.
Берік Көшербай, тілші:
Еліміздің туристік әлеуеті мол. Осы саланы экономиканың драйверіне айналдыруға барлық мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев тағы бір рет айтты. Короновирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай мен шекарадағы шектеулерден сырттан келетін саяхатшылар саны азайды. Дегенмен карантиндік талаптар жеңілдеген соң бірқатар көрсеткіштер, оның ішінде ішкі туризм жақсара бастады. Өткен жылдың 9 айында 5,2 миллион адам ел ішінде саяхаттаған. Ұлттық парктерге 1,5 миллион адам турист ретінде барған. Туризм саласына инвестиция салған кәсіпкерлер көбейіп келеді. Дегенмен туризмнің дамуына кедергі болып тұрған проблема көп. Инфрақұрылым мен интернет нашар, кадр тапшы, кейбір жерде қызмет көрсету сапасы төмен болғандықтан, отандық туризм ойдағыдай дамымай тұр. Осы және өзге де түйіткілді мәселелер бүгін Мәжілісте жан-жақты талқыланды. Кәсіпкерлер мен туроператорлар жиынды онлайн тамашалап, толғандырған сұрақтарына құзырлы орган басшыларынан тура жауап алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12