Басты Жаңалықтар Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді

Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді

Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында 100 көшет егілді. Жаңа саябақ екі жыл бұрын су тасқыны болған Ойқала шағын ауданында орналасқан.  Табиғи апаттан кейін бұл жердегі үйлердің басым бөлігі тұруға жарамсыз деп танылып, сүрілген еді. Эко акцияға 100-ден астам волонтер, сондай-ақ жастар мен қала тұрғындары қатысып, алма, қайың, долана көшеттерін екті. Олар жыл бойы ағаштарды күтіп-баптауға уәделесті. Акция соңы интерактивті ойындарға ұласты.

Даяна Баймұқанова, волонтер:

Бірнеше жыл бұрын су тасқыны болды және осы жақта волонтерлар жұмыс атқарды. Сонымен қатар бүгінгі аллеяның ашылуы – осы игі істің жалғасуы ретінде болады.

Бөлісу