Ел экономикасын тұрақтандыру үшін Үкімет үш жоспар әзірледі
Әлемдегі ахуалға байланысты Үкіметте 3 жоспар дайын. Украинадағы жағдай қаншалықты ұзаққа созылса, Қазақстан экономикасына да соншалықты әсер етеді. Сондықтан, Ұлттық экономика министрі дағдарысқа қарсы кешенді шаралар әзірленгенін айтты. Ресейге қарсы санкциялар салдарынан біздің қаржы нарығына да қысым күшейіп келеді. Ұлттық банк инфляцияның өсу тәуекелдерін азайтуға, теңге жинақтарын қорғауға бағытталған шараларды қолға алды. Ол үшін алтын-валюта резервтерін ұтымды пайдалану тәсілдері қаралып жатыр. Пессимистік сценарийге де дайындық бар. Оның параметрлері әр түрлі. Бастысы, әлеуметтік міндеттемелер азаймайды деп сендіріп отыр Үкімет мүшелері.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Біздің қадамдар - жалпы барлық әлеуметтік міндеттер жүзеге асырылады. Себебі Үкіметте оған қаражат та, барлық мүмкіндіктер бар. Мен айтқандай бірнеше сценарий бар. Әр сценарий бойынша бізде жауап дайын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12