Украинаның Житомир облысында тұрған қазақстандық отбасы елге оралды
Украинаның Житомир облысында кәсіп ашып 12 жылдан бері ісін дөңгелеткен қазақстандық отбасы елге оралды. Айтуларынша, қазір ондағы жағдай күн сайын ушығып барады.
Алтынбек Мұстафаев Киев қаласында тұрған. Житомир облысында ұн шығаратын диірмені бар. Жағдай ушыға бастаған соң отбасын Қазақстанға қайтарып, өзі де елге оралуды ойлаған. Ұлы Әлібек 7 жылдан бері Украинада әкесінің жанында жұмыс істеген. Елшіліктен хабарлама келген соң, 180 шақырым жерді сегіз сағат жүріп өтіп Львов қаласына жеткен. Айтуынша, жанармай бекеттерінде сұйық отын тапшы. Дүкендер мен дәріханаларда ұзын - сонар кезек.
Әлібек Мұстафаев, Қазақстан азаматы:
Біз Киевтен Алматыға дейін төрт тәулік жол жүрдік. Украинада біз тұрған елді мекеннен 15 шақырымдай жерде әуе айлағы бар. Басында барлығы жақсы болатын. Екінші күні ол жерді де бомбылай бастады. Бірден елге қайтуға бел будық. Аман-есен екінші рейспен ұшып келдік.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00