Алматыда бірнеше көше мен ауланы су басты
Алматыда бірнеше көше мен ауланы су басты. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, кеше құтқару қызметіне су басу дерегі бойынша 11 қоңырау түскен.
Қуан Нұрақын, тілші:
Демалыс күндері қалада нөсер жауын жауып, тұрғындар әбігерге түсті. Кей тұрғын үйлер мен аулаларда су тобықтан асқан. Төтеншеліктер бітелген арықтарды тазартып, түске дейін судың кедергісіз ағуын қалпына келтірді. «Қазгидромет» мәліметінше, наурыздың соңында жауған жауын-шашын мөлшері қалыпты жағдайдан 2 есе артқан. Бір түнде мегаполиске 23 миллиметр жаңбыр түсті. Тауға дымқыл қар жауған. «Қазселденқорғау» мамандары таулы аймақтарда әлі де қар көшкіні жүру қаупі бар дейді. Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінің бассейндерінде жағдай тұрақты. Су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00