Қазақстан құрамасы Молдова командасын 5:4 есебімен жеңді
Драмаға толы жеңіс. Кеше футболдан ұлттық құрама ойыншылары тартысты өткен ойында Молдова командасынан басым түсті. Кездесудің негізгі уақытында отандастарымыз есе жібергенімен, пенальти сериясында мүлт кетпеді.Айта кетейік, пандемия басталғалы тұңғыш рет ойын тамашалау үшін аренаға бірнеше мыңдаған көрермен жиналды
Қос құрама өткен аптада Кишиневта кездескен еді. Ол ойында Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен басым түскен болатын. Ал, кеше боранға қарамастан жерлестерімізге қолдау көрсету үшін «Астана-Арена» стадионына 13 мыңнан аса көрермен жиылды. Алайда есепті бірінші болып Молдовалықтар ашты. Гол авторы Игорь Армаш
Қос ойын бойынша таразы басы теңесті. Бірінші таймда командалар тартысты ойын көрсеткенімен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. 63-минутта Абат Айымбетов баспен соққы жасаған еді. Алайда қақпашы орнына табыла білді.
Артынша Нұралы Әліптің мүмкіндігі болды. Бұл жолы доп қиыс кетті.
Ойыншылар 90 минут бойы бір-бірін жеңе алмады. Қосымша берілген овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Екі ойынның нәтижесі бойынша есеп 2:2. Кездесу пенальти сериясына ұласты. Ал бұл сында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий ерекше көзге түсіп, матч қаһарманы атанды.
Игорьдің екі бірдей допты қайтаруы біздің командаға тамаша мүмкіндік сыйлады. Шешуші сәтте Жуков мүлт кетпей, гол соқты. 5:4.
Осылайша Қазақстан құрамасы ұлттар лигасының С тобындағы орнын сақтап қалды. Ал Молдова келер маусымда Д тобында өнер көрсетеді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13