«Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды
Қомақты қаржы жымқырды деп айыпталған «Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару туралы Президент тапсырмасы аясында жүргізілді.
Қуан Нұрақын, тілші:«Delta Bank»директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Тілеубаев 2012-2017 жылдар аралығында қайтарылмайтын несие беру арқылы банк қаражатын сыртқа шығарып отырған. Осылайша заңсыз несиелер квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың, ірі коммерциялық ұйымдардың депозиттері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың депозиттері есебінен берілген. Қаржылық мониторинг агенттігі оның және жақын туыстарының жеке активтері мен мүліктеріне тыйым салынды дейді.
Салтанат Көшербаева, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің тергеушісі:Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкіне, 5 қант зауытына, 20-дан астам жер теліміне, 70 жылжымайтын мүлік объектілеріне және 40 көлігіне тыйым салынды. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде, Латвия мен Чехия Республикаларында, Ресей Федерациясында орналасқан активтері бұғатталды.
Қуан Нұрақын, тілші:Банктің топ-менеджерілерінің келтірген залал сомасы 200 миллиард теңгені, 200 миллион АҚШ долларын және 4 миллион еуроны құрап отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді, іс бойынша айыпталушылар қамауда отыр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00