Алматыда 7 нысанға мина қойылды деген ақпарат тарады
Алматыда жеті бірдей нысанға мина қойылды деген хабар түсті. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.
Қуан Нұрақын, тілші:Полицияның хабарлауынша, үш банк, екі сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай және бір оқу орнына мина қойылды деген хабар түскен. Қазір қаланың шұғыл қызметі нысандарды тексеріп жатыр. Тәртіп сақшылары мен саперлар ғимараттардың үшеуін тексеріп үлгерген. Алайда ақпарат расталмады. Қауіпсіздік мақсатында барлық қызметкер мен келушілер эвакуацияланды. Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі де, терминал аумағына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскенін растап отыр. Сондықтан қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер сыртқа шығарылған. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Қарағанды қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығына да бомба қойылды деген қоңырау түскен. Ғимаратты жіті тексеріп шыққан қызметкерлер еш жарылғыш зат таппаған.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00