Қаржы пирамидасын жарнамалаған танымал 3 блогер қылмыстық жауапқа тартылады
Былтыр 31 мыңнан астам қазақстандық қаржы пирамидаларына алданып қалған. Олар бас-аяғы 54 миллиард теңге зардап шеккен. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте ішкі істер министрлігінің департамент басшысы айтты. Жиында сондай ақ атышулы «Mudarabah Capital» компаниясының ісі туралы мәліметтер айтылды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қазір бұл іс аяғына жетіп қалғанын айтты. «Mudarabah Capital» мен күдіктілер және олардың туыстарына тиесілі біраз мүлік тәркіленген. Атап айтқанда Алматы қаласы мен облысы және елордадағы 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 5 үй, 2 автокөлік және дүкенге арест қойылған. Бұның барлығы зардап шеккендердің шығынын өтеу мақсатында жұмсалуы мүмкін. Алайда оның барлығын тек қана сот шешеді. Бұл іске қатысты бірнеше блогердің есімі аталған еді. Атап айтқанда Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азим Саидбаев. Олар жұртты сан соқтырып кеткен компанияны белсенді түрде жарнамалап, көптеген адамдардың ақша салуына әсер етті. Азим Саидбаевтың қашып кеткені бұған дейін де айтылған еді.
Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы:3 блогер осы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, екеуіне қатысты «кепіл» түріндегі, біреуіне «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктілердің бірі тергеу органдарынан жалтарып жүр. Ол сырттай тұтқынға алынып, халықаралық іздеу жарияланды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:Егер де блогерлер тек жарнамалап қана қоймай, компанияға қатысы бары дәлелденсе онда олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы бұл компанияны құрды деп 14 адам күдікке ілініп отыр.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13