Алматыдағы «Алтын Орда» базарында 1 млрд теңгенің салығы төленбеген
Алматыдағы «Алтын Орда» базарын тексеру жұмыстары аяқталып қалды. Қазірдің өзінде салық заңнамасы бойынша өсімпұл есептелгенге дейінгі 1 млрд теңгенің салығы төленбеген. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.
Ведомства өкілінің айтуынша, қазір Қазақстанда 114 сауда базары тексерілуде. «Алтын Ордаға» жүргізілген жедел тексеру жұмыстары аясында, көп заң бұзушылықтар анықталған. Салық салынатын базаны төмендетіп көрсету фактілері көп. Бақылау-кассалық аппараттары жоқ. Сондай-ақ, фитосанитарлық және ветеринарлық нормалар да бұзылған. Енді министрлік сауданы ұйымдастыру бойынша, базар иелеріне жеке жауапкершілік жүктеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге басымдық беріп, олардың сауда орындарына еркін қол жеткізуіне жағдай жасауды міндеттемек.
Биыл наурыз айының басында, мегаполисті 80% көкөніс, жеміс-жидек және етпен қамтамасыз ететін «Алтын Орда» базарында делдалдық схемаларды анықтау бойынша өңіраралық комиссия жұмысын бастаған еді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00