Депутат мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалатынын сынға алды
Сыртымызды сипалап, келбетімізді түзеуге ақша аямаймыз. Осы аптада тағы бір депутат мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалатынын сынға алды.
Динара Зәкиева бас қалада қар тазалау үшін 3 жылда 50 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді. Ал қысы дәл осындай қатты Қостанай облысы 3 жылда 4 млрд 800 млн теңге жұмсаған. Сонда елордада қар тазалау үшін ғана күніне 100 млн теңге бөлініп тұр ғой?! Депутатты «Балалар жылы» үшін деп бөлінген қаржының да пайдасыз жобаларға кетіп жатқаны қынжылтады.
Динара Зәкиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мен депутаттық сауалымда әкімдіктерге бюджеттік жоспарлаудың тәсілдерін қайта қарауды , қоғамда нақты және өзекті мәселелерді шешу үшін жұмсауды ұсындым. Себебі, Шымкент қаласында соңғы екі жылда қаланы мерекелік безендіруге 3 млрд теңге бөлінген. Ал Жамбыл облысында бұл мақсатқа ешқандай қаражат қарастырылмаған. Сонымен қатар біз балалар жылына арналған жоспарларын қарап шықтық. Оған білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 48 млрд теңге бөлінген. Ал өңірлердің ақпаратына сәйкес, 100 млрд теңге бөлінді. Бірақ, өкінішке қарай іс-шаралардың ішінде 70-75 пайызы спартакиадалар, конкурстар т ,б. Бірақ мұндай іс шаралар әр жыл сайын өткізіледі ғой. Мысалы, бүкіл балаларды тегін, түскі аспен қамту, немесе балаларға автобустар тегін болса, бүкіл ауылдарда спорт кешендерін салуға болушы еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26