Қаңтар оқиғасы: Қаза тапқан курсанттардың отбасына пәтер берілді
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған Шекара академиясының үш курсантының отбасына пәтер берілді. Әділхан Жайық, Мейірхан Бітім және Дәулет Жұмарбеков жаппай тәртіпсіздік кезінде стратегиялық нысандарды қорғау кезінде ерлікпен қаза тапты. Пәтер кілттерін тапсыру рәсімі Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара академиясының қабырғасында өтті. Шараға марқұмдардың ата-анасы мен жақындары қатысты. Бұған дейін Мәжіліс отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұл мәселенің 25 сәуірге дейін шешілетінін айтқан. Еске салайын, Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде бес шекарашы көз жұмды. Президент жарлығымен олар үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Ұғылхан Ереншиев, Әділхан жайықтың әкесі:
Батырлығын көрсетіп, Отанын қорғаймын деп қаза тапты. Халқымыз аман болсын. Бейбітшілік өмір болсын. Өстіп қолдап, әруақтарын құрметтеп жатқандарыңызға бәріне рақмет. Қазақстан еліне рақмет айтқым келеді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00