Алматыда «Волоколамск тас жолы» кітабы курсанттарға тарту етілді
Алматыда «Волоколамск тас жолы» кітабы курсанттарға тарту етілді. Мақсат – болашақ әскерилерді ұлттық рухта тәрбиелеу, дейді ұйымдастырушылар. Шараға даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қатысты. Оның сөзінше, Момышұлы соғыс кезінде аға лейтенант шенінен, батальон, полк, одан полковник болып, дивизияны басқарды. Армия уставына өзгеріс енгізіп, стратегия мен тактика саласында жаңалық әкелді. Мұның барлығы Отан қорғайтын азаматтарға ауадай қажет.
Зейнеп Ахметова, Б.Момышұлының келіні:Өзі өмірден өткеніне 30 жылдан асып кетсе де, әлі күнге дейін өзінен кейінгі ұрпағына, өкшебасарлары, барлығына өзінің үлгі-өнегесін, қалдырған мұрасын таратып келе жатыр. Егерде сол жастарымыздың бойына сіңетін болса, отансүйгіштік, халқын, елін, жерін сүйетін азамат болатынына мен анық сенемін.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08