Әлемдегі геосаяси ахуал мен шикі сүттің тапшылығы отандық сүт нарығына кедергі келтіруде
Әлемдегі геосаяси ахуал мен шикі сүттің тапшылығы отандық сүт нарығына кедергі келтіріп отыр. Бұған импорттың басымдығы мен Кедендік одақтың регламенттері де әсер етеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен ІХ Сүт саммитінде айтылды. Шараға әлемнің 15 елінен 70-тен аса сарапшы қатысты. Қазақстан сүт одағының мәліметінше, былтыр 6 млн тоннадан аса шикі сүт алынған. Оның 1 млн тоннасы өндіріске жарамды. Соның 78 пайызын шағын шаруашылықтар, қалған 22 процентін арнайы мамандандырылған ірі шаруашылықтар берген. Мұндай фермалардың саны бүгінде - 200-ден асады. Ірі қараның басы - 136 мың. Алайда, ішкі нарықты шикі сүтпен қамту үшін олардың санын 500 мыңға жеткізу қажет дейді мамандар.
Ерлан Әшім, Сүт өндіруші фабрикасының директоры:
Логистика жағынан, қораптарды сатып алу жағынан. Финляндиядан келетін, Еуропадан келетін. Ресейде тұрған Еуропа зауыттарынан алатынбыз. Біраз нәрсені. Өнімге қосатын түрлі қоспаларды болсын. Солар жабылып жатыр. Еуропаға тура шығып, сол жағынан өте көп қиындық көріп жатырмыз. Негізі тәуекелге барып, бір шешімдер қабылдап жатырмыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08