Жетісу облысында шенеуніктер 58 млн теңгеге кітап жиынтығын сатып алмақ болған
Жетісу облысының Сарқан ауданында білім бөлімі бір кітап жиынтығын 58 млн теңгеге сатып алмақ болған. Өрескел заңбұзушылықты облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі анықтаған.
«Сатып алудың бірыңғай терезесі» веб-порталындағы келеңсіз жағдайды құзырлы орган бірден тоқтатты. Кейін мемлекеттік мекеме кітап жиынтығына 5 млн теңге деген баға көрсеткен.
Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі сауалнама жүргізу үшін 33 млн теңгеге тапсырыс берген. Бұл жағдай да дер кезінде анықталып, сатып алу тоқтатылды.
Жалпы жыл басынан сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі 1 млрд теңгеге жуық қаржыны бюджетке қайтарған.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05
Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026, 20:03
«Ұмай» ипотекасы: 20 млрд теңгеге 850 сертификат берілді
03.11.2026, 20:00
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25