Қостанай облысының Рудный қаласында бір айда 85 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Қостанай облысының Рудный қаласында бір айда 85 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды. Айыппұл сомасы 2 миллион теңгеден асқан. Ресейлік нөмірмен жүрген бұл азаматта тіпті жүргізуші куәлігі де болмаған. Рейдтік шаралар барысында облыс орталығында тағы бір жүргізуші ұсталды. Қостанай тұрғыны ережені 47 рет бұзып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалаған. Талапқа шекесінен қараған азаматтарндың көліктері айып тұрағына қойылды. Жыл басынан бері облыс бойынша жауапсыз жүргізушілерге 42 мыңдай хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынған. Жалпы сомасы 265 миллион теңгеден асады
Серік Әбдіхалықов, Қостанай облысы ПД бөлім бастығы:
Автоматты түрде автоураган және «еркін»патруль системаларымен анықталған. Рудный қаласындағы жүргізушіде жүргізуші куәлігі мүлдем болмаған. Ал Қостана қаласындағы мазда көлігінің иесінде сақтандыру полисі болмаған. Сондықтан нұсқаулар үйлеріне жеткізілмеген.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00