Ұлыбританияда төтенше жағдай жарияланды
Ұлыбританияда аптап ыстыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Билік тұрғындардың денсаулығына алаңдап, алдын-ала жедел жәрдем көліктері мен медициналық қызметкерлерді халыққа шұғыл көмек көрсетуге дайындады. Шіліңгір ыстыққа байланысты көлік қатынасы, денсаулық сақтау мекемелері мен мектептердің жұмыс тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұған қоса, электр жарығы, су мен ұялы байланыс та үзілуі ықтимал.
Лондон метросы қысқарған кестеге сай жұмыс істейді. Жолаушыларға тек аса қажет болған жағдайларда ғана жолға шығуға кеңес берілді. Қалаға жақын жердегі Лутон әуежайында күннің шыжуынан ұшып-қону жолағында ақау пайда болған. Ауа-райы бюросы жоғары температура дені сау адамдар үшін де қауіпті екенін ескертіп отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15