Қостанай облысының Тобыл кентінде астық қоймасы өртеніп кетті
Ресми мәлімет бойынша бұл оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Төтенше жағдай қызметіне Тобыл кентіндегі элеватордың аумағында өрт шыққаны жайлы хабарлама таңғы алты шамасында түскен. Отты өшіруге 5 техника мен 23 адам жұмылдырылды. Арада сегіз сағат өткенде өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдай салдарынан аумағы 2400 шаршы метр болатын екі қойма толық жанып кетті. Осында сақталған 1040 тонна зығыр да күлге айналды. Сонымен қатар кептіру-тиеу мұнарасын да от шалған. Жалпы шығын көлемі әлі белегісіз. Ең бастысы адамдар аман. Алдына ала болжам бойынша от электр сымының қысқа тұйықталуынан тұтанған.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00