Шенеунік 100 миллион теңге пара алғаны үшін 10 жылға сотталды
Шымкенттің ауданаралық мамандандырылған соты 100 млн теңге пара алған шенеунікке үкім кесті. Қызылорда облыстық Экология департаменті басшысының экс-орынбасары Бекзат Тілегенов енді 10,5 жыл уақытын темір торда өткізеді. Тергеу барысында күдіктінің түрлі қылмыстық жолмен жеке кәсіпорындарға тиесілі 100 млн теңге ақшаны иеленіп кеткені толық дәлелденді. Ол үнемі серіктестік басшыларын прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне пара беруге үгіттеп отырған. Осылайша заң бұзушылықтарды жасырып, әрі қарай кедергісіз жұмыс істеулеріңе жол ашылады деп сендірген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00