Пәкістанда жаңбырлы маусымнан кейін болған тасқын салдарынан айыға алмай отыр
Пәкістан тамыз-қыркүйек айындағы жаңбырлы маусымнан кейін болған тасқын салдарынан айыға алмай отыр. Ауруханалардың жедел жәрдем бөлімі науқастарға лық толы. Олар - тасқыннан кейін белең алған безгек тәрізді өзге де жұқпалы ауруларға шалдыққан. Зардап шеккендерге күні-түні көмек көрсетіп жатқан дәрігерлер де әбден қажыған. Соңғы деректерге сүйенсек, Пәкістанда тасқыннан 1600-ден аса адам қаза тапқан. Жүздеген мың тұрғын уақытша палаткаларда тұрып жатыр. Жүздеген шақырым қашықтыққа тараған тасқын суының тартылуына жарты жыл уақыт кетуі мүмкін. Күн суый бастауы да жағдайды ушықтыра түсетіні анық. Онсыз да экономикасы нашар елге табиғи апаттан 30 млрд доллар шығын келген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05