Украинадағы жергілікті армия тағы бірнеше елдімекенді азат етті
Украина әскері елдің оңтүстігі мен шығысында қарымта шабуылды жалғастырып жатыр. Соңғы деректерге сай, Херсон облысының солтүстігінде екі елдімекен азат етілді. ((ксм)) Соңғы тәулікте Украина күштері ресейлік 8 пилотсыз аппарат пен бір тікұшақты атып түсірген. Президент Зеленскийдің мәлімдеуінше, армияның жетістігі тек Донецк облысындағы Лиманды қайтарумен ғана шектелмейді. Бұл қалада Украина туы желбіреп тұр. Ресейдің Қорғаныс министрлігі болса, әскер Украина армиясының қоршауына түсіп қалмау үшін Лиман қаласынан кеткенін растады. Ал НАТО Киевке қару-жарақ беруді, саяси және экономикалық көмек көрсетуді жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05