Ресейдің Хабаров өлкесінде мобилизацияға іліккен азаматтардың тең жартысы үйіне оралды
Ресейдің Хабаров өлкесінде мобилизацияға іліккен азаматтардың тең жартысы үйіне оралды. Себебі олар әскери қызметке іріктеу талаптарына сай келмейтіні анықталып отыр. Осыған орай өңірдің әскери комиссары қызметінен аластатылды. Бұған қоса, Якутияның 300 тұрғыны да мобилизацияға қате ілігіп, республикаға қайта оралған. Владимир Путин ішінара мобилизация туралы қыркүйектің 21-де жария етті. Бір аптадан соң азаматтарды іріктеуде олқылықтар жіберілгені анықталып, Путин барлық қатені түзеуді тапсырды. Мысалы, военкоматтарға шақыру алғандар арасында көпбалалы әкелер, созылмалы ауруы бар адамдар, сонымен бірге егде жастағылар іліккен. Ал қолына қару ұстаудан бас тартқан мыңдаған ресейлік шетел асып кетті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05