Үндістанның Гуджарат штатында көпірдің құлауынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті
Үндістанның Гуджарат штатында көпірдің құлауынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті. Олардың арасында балалар да бар. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Тағы 177 адам аман-есен судан құтқарылды.
Аспалы көпір жарты жыл бойғы жөндеуден кейін бірнеше күн бұрын ашылған еді. Дивали мерекесін тойлауға барған 500-дей адам оның үстіне және жанына жиналған.
Жүздеген тұрғынды көтере алмаған көпірдің темір арқаны үзіліп кетсе керек.
Мачху өзені арқылы өтетін 230-метрлік су үсті өткелі - танымал туристік нысандардың бірі. Осы қайғылы жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15