Талдықорғанда ақын, аудармашы Ғали Ормановқа арналған көрме ұйымдастырылды
Талдықорғанда белгілі әдебиетші, ақын, аудармашы Ғали Ормановтың жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.
«Әдебиет әлеміндегі лирик ақын» атты рухани шара барысында қаламгердің ұрпақтары Мұхамеджан Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне Ғали Ормановтың жеке күнделігін тарту етті. Ал жылжымалы көрмеде ақынның қолжазбалары, Ғабит Мүсірепов сыйлаған домбырасы мен Дінмұхамед Қонаев табыстаған сағаты қойылған. Ғали Орманов заманында Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болып, жыр алыбын халық көп біле бермейтін қырларын қағазға түсірген.
Айдар Қырықбай, Ғ.Ормановтың жиен немересі:
Күнделіктің ішіндегі өте құнды дүние, құнды ақпарат. Неге? Өйткені біз қазақ еліміз Жамбылды ақын ретінде, жыршы ретінде ғана танимыз. Ал мына күнделіктің ішінде Жамбыл бабамызды өте басқа қырынан тануға болады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14