Шымкентте пияз бағасы екі есе қымбаттады
Шымкент қаласында бас-аяғы оншақты күннің ішінде пияз екі есе қымбаттап кетті. Оған көрші Ресей мен Өзбекстанда көкөністің тап осы түріне сұраныстың артуы себеп. Сондай-ақ Шымкентке пияз Жамбыл облысынан жеткізілетін болғандықтан оның бағасы тауар өндірушілерге тәуелді. Қазір көтерме саудадағы бағасы 300 теңгеге жетті. Осыған байланысты мегаполисте бағаны тұрақтандыру шаралары қабылдануда. Деректерге сүйенсек, шаһар халқы айына 2 мың тонна пияз тұтынады. Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік қорын жасақтау үшін биыл ірі сауда орындарына қала бюджетінен 8,7 миллиард теңге бөлінген. Енді әлеуметтік дүкендерді көбейту тапсырылды.
Жандос Қаниев, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Мемлекеттік бақылау бар, құзырлы мекемелерден құрылған арнайы комиссия бар. Апта сайын сауда нысандары, базарларға мониторинг жүргізіліп, 15 пайыздық сауда үстемесін асырған жағдайда кәсіпкерге тиісті әкімшілік шаралар көріледі.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53