Түркияда зардап шеккендер үшін жылу жинала бастады
Түркияға көмек. «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі зілзаладан зардап шеккендерге арнап жылу жинауды бастады. Гуманитарлық көмек облыстар мен ірі қалаларда жиналады. Қазірдің өзінде әлеуметтік желідегі хабарландыруды көріп, қол ұшын созып жатқандар көп, дейді жобаның үйлестірушісі Айбек Досымбеков. Ерікті азаматтар баспанасыз қалған түрік ағайындарға көрпе-төсек, гигиеналық заттар мен жылы киімдер әкелуіне болады. Жылу күн сайын таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін қабылданады.
Айбек Досымбеков, «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің жоба координаторы:
Түркия елінің елшілігіне хабарластық. Олар біздің көмек жинау ұсынысын жақсы қабылдап, әрі қарай заттарды Түркия мемлекетіне жіберуді өздері міндетіне алып отыр. Қазір біз өзіміздің мекен-жайға қабылдап, заттың жиналған көлеміне байланысты елшілікке жеткізіп отырамыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05