Елде құтқарушылар саны көбейеді
Елде құтқарушылар саны артады. Атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, апаттар медицинасы орталығы 94 адамға және «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбейеді. Мұның барлығы техногендік сипаттағы апаттар кезінде төтенше жағдай қызметкерлерінің жылдам әрекет етуіне септігін тигізбек. Өйткені қазір су тасқының алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ бұл шешімнің қабылдануына Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі де әсер етіп отыр. Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылды. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15