Түркияда құтқару жұмыстары аяқталуға жақын
Алапат зілзала болған Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқтала бастады. Қазақстандық құтқарушылар да өздеріне сеніп тапсырылған учаскелерде жұмыстың басым бөлігін аяқтады. Енді бірнеше күнде елге қайтады.
Айдос Әшімұлы, тілші:Түркиядағы құтқару жұмыстарына Қазақстаннан барлығы 97 адам және 6 техника қатысты. Қазақстандық топтың құрамында құтқарушылар, кинологтар мен дәрігерлер бар. Біздің құтқарушылар негізінен екі қалада жұмыс істеді. Газиантеп және Нұрдағы. Газиантепте үш ғимараттың үйінділерінен адамдарды іздеу-құтқару жұмыстарымен айналысқан біздің жігіттер 4 адамды тірі алып шықты. Қазір екі ғимараттағы құтқару жұмыстары толық аяқталды. Үшінші ғимаратта да аяқталуға жақын. Ал Нұрдағы қаласында қазақстандық құтқарушылар 7 қабатты бір ғимаратта жұмыс істеді. Ол жерден үш адам тірі шығарылды. Медицина мамандары осы күндері 200-дей адамға көмек көрсетті. Олардың қатарында 30-ға жуық бала да бар. Көбіне жергілікті тұрғындар дәрігерлер қарауына жеңіл жарақаттарын емдетуге және күйзелістен шығу жолдарын іздеп келген. Түркиядағы жер сілкінісінен кейін біздің құтқарушылар барлығы 7 адамды үйінді астынан аман алып шыққан. Ал 88 адамның денесі шығарылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай күні Семейде сән-салтанатымен тойланды
10.08.2026, 20:06
«Абай мұрасы» республикалық челленджі басталды
10.08.2026, 20:05
Президент қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады
10.08.2026, 20:05
90-ға келсе де кітапханадан шықпайтын қария Қарағанды облысында тұрады
10.08.2026, 17:39
Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ
10.08.2026, 17:38
Абай күні Алматыда ауқымды шара өтті
10.08.2026, 17:37
Абай күні: Әр аймақта ұлы ақынды ұлықтады
10.08.2026, 17:33
Алматыда сейсмоорталықтың жаңа ғимараты ашылды
10.08.2026, 17:30