Халық пікірі: Сайлау - халықтың сенімін еселейтін науқан
Алдағы өтетін сайлау - халықтың болашаққа деген сенімін еселейтін саяси науқан. Конституциялық реформа бәріне бірдей мүмкіндік беріп, Мәжіліс немесе мәслихат мінберінен өз пікірін жеткізуіне жағдай туғызып отыр. Ал бұл демократиялық мемлекеттің басты қағидаттары дейді қазақстандықтар.
Әбілқайыр Оралов, қала тұрғыны:
Басты бір ерекшелік, азаматтардың белсенділігі артқандығы. Қандай сайлау болса да едәуір жоғары пікірлері, және де әркім өзінің пікірін айтып, әркім өзінің кандидатурасын ұсынып, ал бірақ басты масқат ел игілігі, ертеңгі болашақ.
Ермек Келемсейіт, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Мәжіліске 29 депутатты бірмандаттық жүйемен сайлауға баратын болғанына қазір барлық партия, барлық өзін-өзі ұсынам деген адам ұмтылып жатыр. Бұл нені білдіреді? Бұл демократияның алғышарттары. Жақсы.
Қадіржан Жексенов, Д.Қонаев атындағы қоғамдық қор төрағасы:
Халықты жақтайтын, халықтың сөзін сөйлейтін адамдардың өзі жеке барып, халық еркімен оларға дауыс беруге ыңғайланып жатыр, сайланып жатыр. Сайланады ғой. Осының барлығы жаңалық деп ойлаймын. Әрине халық ішінде жақсы қабылданып жатыр.
Жұмахмет Жайлаубаев, Қазақстанның құрметті журналисті:
Қара халықты жамандай бергенше кішкене шырақ жағып қой деген сөз бар. Сол қазір біздің қоғамда әрқайсымыз бір кішкене шырақ жағып, ертеңгі болашағымызды жақсартуға, жарқын болуына, үлес қосуға бір жақсы бір сәтті кезең деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14