Шымкенттегі қоғамдық көліктерде кондуктор болмайды
Шымкенттегі қоғамдық көліктерде бүгіннен бастап кондуктор болмайды. Жолаушылар төлемақыны валидатор, SMS немесе QR-код арқылы жасайды. Ал нақты ақшамен төлеген жағдайда жүргізушіден чек талап етіледі және оны сапар аяқталғанға дейін сақтап қою керек. Сондай-ақ, жолаушылар автобустың алдыңғы есігінен кіріп, артқы есігінен шығуы тиіс Бұл шара жүргізушінің алаңдамауына және жол ақысын төлеуден жалтару жағдайларын болдырмау мақсатында қабылданып отыр. Жолаушылардың төлем жасағанын арнай жасақталған тексеру тобы бақылайды.
Мұхтар Қоқанбаев, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Бақылаушылар тексеріп, анықтап егер қажет болған жағдайда полиция департаментімен айыппұл салу бойынша жұмыс жүргізеді. Айыппұл көлемі 2 айлық есептік көрсеткіш. Ол шамамен 7 мың теңге шамасында.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00