Жетісу облысындағы ауылды су басты
Жетісу облысында күн күрт жылынып еріген қар суы Қызылжар ауылына кірді. Бірнеше ауланы су басып, тұрғындарды әбігерге салды. Кербұлақ ауданындағы егіс алқаптарынан келген судың нөпіріне арықтар тосқауыл бола алмады. Қарғын су бірнеше аулаға жайылғанымен, үйлер аман. Қазір су деңгейі төмендеген. Еріген қар суы Байғазы өзеніне қарай қалыпты аға бастады. Төтенше жағдайдың алдын алуға 60-тан астам адам 11 техника жұмылдырылды. Алдағы күндері өңірде ауа райының температурасы +15 градустан жоғары болып, жаңбыр жауады деп күтілуде.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00